Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ЕҢБЕКШІ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ЕҢБЕКШІ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шиелі ауданының Еңбекші ауылында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» республикалық және аймақтық коалиция мүшелері жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.



Іс-шараға республикалық коалиция мүшесі Мұрат Әбенов, аймақтық коалиция жетекшісі Мұрат Тұрабаев және коалиция мүшелері Өркен Исмаил, Жібек Баймұратова, Абдумомын Алдияров, Болат Сүлейменов, Асылхан Өмірәлиев, Бекзатхан Бауыржанұлы қатысты.



Кездесу барысында ауыл тұрғындарына Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының мазмұны мен негізгі бағыттары таныстырылды. Спикерлер құжатта қарастырылған адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, қоғамдық келісім қағидаттары, мемлекеттік құрылымның негіздері және өзгермейтін құндылықтар туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ Конституция жобасын талқылау тәртібі мен оны қабылдау рәсімі жөнінде түсіндірме жасалды.
Ата заң жобасындағы өзгерістерді кеңінен түсіндіріп өткен республикалық коалиция мүшесі Мұрат Әбенов құжат кең көлемде қоғамдық талқылаудан өтті, алайда түпкілікті шешім референдум арқылы қабылданатындығын атап өтті.
Жиын барысында тұрғындар өз сауалдарын қойып, ауылдық аумақтарды дамыту, цифрландыру және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері төңірегінде ойларын білдіріп, пікір алмасты.
Аталған кездесу Конституция жобасын түсіндіру бағытындағы ақпараттық жұмыстар аясында ұйымдастырылды.
17 ақпан 2026 ж. 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930