Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ЕҢБЕКШІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ЕҢБЕКШІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» республикалық коалиция мүшесі Мұрат Әбенов, аумақтық коалиция жетекшісі Мұрат Тұрабаев және коалиция мүшелері Өркен Исмаил, Жібек Баймұратова, Абдумомын Алдияров, Болат Сүлейменов, Асылхан Өмірәлиев, Бекзатхан Бауыржанұлымен бірге Шиелі ауданындағы Еңбекші ауылының тұрғындарымен кездесті.Кездесуде ауыл тұрындарына жаңа заман талабына сай жаңарып отырған Ата Заңның мазмұны, ондағы басты нормалар кеңінен таныстырылды. Республикалық коалиция мүшесі, мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Контитуция жобасындағы түбегейлі жаңа тұстарға тоқталды.«Ата заңымыздың жобасында адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланды. Бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік іргетасы ретінде айқындалып отыр. Егемендік пен Тәуелсіздік, унитарлық құрылым және аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылады. Әділеттілік, Заң және Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституциялық деңгейде бекітілген. Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендіктің иесі – Қазақстанның біртұтас халқы екені нақты айқындалған. Қазақстан үшін бұл кезең – саяси реформалардың қорытындысы ғана емес, жаңа мемлекеттік даму дәуірінің бастауы. Алдағы уақытта Конституция жобасы кең көлемде талқылаудан өтіп, түпкілікті шешім референдум арқылы қабылданатыны белгілі. Бұл – әрбір азаматтың ел болашағына тікелей атсалысуына мүмкіндік беретін тарихи сәт, – деп атап өтті республикалық коалиция мүшесі Мұрат Әбенов.Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасындағы ауыл үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған цифрландыру мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін де кеңінен жеткізді.Кездесу соңында коалиция мүшесі Өркен Исмаил сөз сөйлеп, Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталды. Ол ел болашағы үшін атқарылып жатқан саяси мәні зор бастамаға ауыл халқы қолдау білдіреді деген сенімін білдірді. Сондай-ақ жиынға қатысушыларға ақ батасын беріп, бірлік пен ынтымақтың маңызын ерекше атап өтті.







18 ақпан 2026 ж. 45 0