Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН АРДАГЕРЛЕРІМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАН АРДАГЕРЛЕРІМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ



 Бүгін «Руханият» орталығының мәжіліс залында Жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында аумақтық коалиция өкілдерінің аудан ардагерлерімен кездесуі өтті.

Іс-шараға аумақтық коалиция мүшелері Мұрат Тұрабаев, Жібек Баймұратова, Өркен Исмаил, Абдумомын Алдияров, Қалмырза Қасымов, Сәбитхан Досанов, Нұрболат Пірімбет, Гүлдана Жақыпова, Ержан Әбдешов және аудан имамдары мен ардагерлері, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы қатысты.

Кездесу барысында Жаңа Конституция жобасының негізгі қағидаттары жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, әлеуметтік әділеттілік қағидатын орнықтыру, билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтау, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, Конституцияда ұлттық құндылықтарды сақтау, отбасы институтын нығайту, еңбек адамының мәртебесін арттыру және заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы нормаларға ерекше назар аударылды.

Ардагерлер тарапынан мазмұнды пікірлер айтылып, ұсыныстар мен сауалдар ортаға салынды. Кездесу ашық әрі еркін пікір алмасу форматында болып, Жаңа Конституция жобасына қатысты түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді.

Жиын қорытындысында ел болашағына бағытталған бастамаларды қолдау және қоғам бірлігін нығайту қажеттігі айтылды.

19 ақпан 2026 ж. 260 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9391)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930