Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб төрағасы Болат Сыздық, штаб мүшелері Айжан Каракеева, Гүлдана Жақыпова, Айнұр Архабаева, Біржан Өтебай, Азамат Қали Талаптан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында штаб мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.
Халықтық штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамда АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу болып табылады.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды.
Кездесуде Талаптан ауылдық округінің тұрғындары референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.
18 қыркүйек 2024 ж. 68 0