Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚМАЯ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АҚМАЯ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық халықтық штаб мүшелері Дәурен Досмағанбетов, Қазбек Шаукебаев, Сәбитхан Досанов, Серікбай Берімбетов, Нұрсұлтан Сапарбаев Ақмая ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.


Ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында штаб мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауында көрсетілген жалпыұлттық референдум өткізу бойынша атом энергиясын пайдаланудың артықшылығы туралы айтты.
Халықтық штабтың мақсаты – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамда АЭС-ті қолдауға жұмылдыру. Халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру, қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу болып табылады.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. Осы тапшылық жаңа өндірістердің іске қосылуына, жұмыс орындарын құруға тікелей әсер етіп, бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Бұған жол беруге болмайды.
Кездесуде Ақмая ауылдық округінің тұрғындары референдум, АЭС бойынша толғандырған сауалдарын қойып, штаб мүшлерінен жауап алды.
20 қыркүйек 2024 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031