ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ "ШИЕЛІСУШАР" ӨНДІРІСТІК УЧАСКЕСІНДЕ БОЛДЫ

Кездесу барысында штаб төрағасы Болат Сыздық Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды.
Сонымен қатар, біздің әрқайсымыз балаларымыздың қуатты және ешкімге мұқтаж болмайтындай тәуелсіз мемлекетте өмір сүргенін қалаймыз. АЭС салу туралы шешімді қабылдай отырып, біз осы асқақ арманымызға қарай қадам жасаймыз. Біз елдің энергетикалық тәуелсіздігін шегелеп бекітеміз. Болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра етіп қалдырамыз. Бұл тарихи шешім Әділетті Қазақстанды құру жылнамасындағы жаңа парақшаға айналады»,- деді Қалмырза Қасымов.
Кездесу сoңындa мекеме қызметкерлері де өз пікіpлepін opтaғa сaлып, АЭС салу бастамасына қолдау білдірді.