Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЖЕР-ЖОМАРТ» ШҚ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

«ЖЕР-ЖОМАРТ» ШҚ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

АЭС салуды қолдау жөніндегі аудандық Халықтық штаб мүшелері Болат Сыздық, Насырбек Мырзабеков, Дәулет Жұмбеков, Болат Сүлейменов референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Жер-Жомарт» ШҚ – ның еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында штаб төрағасы Болат Сыздық Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті. Соның ішінде халықпен алдын ала талқылаудан өткен Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум өткізу мәселесіне ерекше тоқталды.
Сонымен қатар АЭС ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруға да әсер етеді, Еуропа елдерінің нарығына қолжетімділікті кеңейтеді. 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге тиіспіз. Бұл дегеніміз, тауарлар мен қызметтерді өндіру барысында көмір пайдалануды барынша азайту қажет. Әйтпесе, оған әлемдік нарықта қосымша салық салынады. Яғни, қазақстандық өнім қымбаттап, оны сатып алушылар азаяды болады деген сөз- деді Дәулет Жұмбеков.
Жиында еңбек ұжымдары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауаптар алды.
11 қыркүйек 2024 ж. 178 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930