АУДАНДЫҚ ГАЗ ТАРАТУ МЕКЕМЕСІНДЕ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық мүшелері Өркен Исмаил, Қабілеш Бекішев, Абдумомын Алдияров, Біржан Өтебай, Азамат Қали және Бекзатхан Бауыржанұлы аудандық газ тарату мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында коалиция мүшелері Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарына кеңінен тоқталып, құжаттың ел дамуы үшін маңызын түсіндірді. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды.
Жиын барысында мекеме қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Коалиция өкілдері қойылған сауалдарға нақты жауап беріп, алдағы референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдайтындықтарын білдірді.
#референдум2026
#жаңаКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз
Кездесу барысында коалиция мүшелері Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарына кеңінен тоқталып, құжаттың ел дамуы үшін маңызын түсіндірді. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды.Жиын барысында мекеме қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Коалиция өкілдері қойылған сауалдарға нақты жауап беріп, алдағы референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдайтындықтарын білдірді.
#референдум2026
#жаңаКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз






