Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «РУ-6» ЖШС ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«РУ-6» ЖШС ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының аумақтық өкілдері Мұрат Тұрабаев, Насырбек Мырзабеков, Әшім Оразбекұлы, Дана Аман, Даурен Досмағанбетов, Қанат Сәулебеков және Ержан Әбдешов «РУ-6» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында коалиция мүшелері Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарын жан-жақты таныстырды. Атап айтқанда, құжатта адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелері қамтылғаны айтылды. Сонымен қатар, еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігін сақтау, әлеуметтік кепілдіктерді кеңейту, жастарды қолдау және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы конституциялық нормаларға ерекше тоқталды. Коалиция өкілдері жаңа Конституцияның басты қағидаты – «Мемлекет адам үшін» екендігін атап өтті. Кәсіпорын жұмысшылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе, еңбек қатынастары, әлеуметтік тұрақтылық және аймақтың дамуына қатысты мәселелер талқыланды.

Жиын соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасының ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Мұндай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатып, конституциялық өзгерістердің мән-маңызын кеңінен түсіндіруге бағытталған маңызды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.

#референдум2026
#жаңаКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз
26 ақпан 2026 ж. 68 0