Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУМАҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ БИДАЙКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУМАҚТЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ БИДАЙКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» республикалық және өңірлік коалициясының аумақтық өкілдері Өркен Исмаил, Қабілеш Бекішев, Абдумомын Алдияров, Дана Аман, Мұқанбетжан Салқынбаев, Біржан Өтебай және Азамат Қали Бидайкөл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында коалиция мүшелері Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен басымдықтарына кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелері жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, Конституциялық реформаның елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы, қоғамдық келісімді нығайтудағы және тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етудегі маңызы атап өтілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ауыл тұрғындары өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Коалиция өкілдері барлық сұрақтарға нақты жауап беріп, алдағы референдумның тарихи маңызына тоқталды.

Іс-шара соңында қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдайтындықтарын білдіріп, ел болашағы үшін маңызды қадам екеніне сенім білдірді.

#референдум2026
#жаңаКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз
27 ақпан 2026 ж. 78 0