Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ТҰРАҚТЫ ДАМУ МЕН ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ТҰРАҚТЫ ДАМУ МЕН ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

«Арман» мәдениет үйінде Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара тәжік-ауған шекарасындағы әскери қимылдарға қатысқан ардагерлермен ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Кездесуге аумақтық коалиция өкілдері – Мұрат Тұрабаев, Жібек Баймұратова, Нұргүл Шалекеева, Сәбитхан Досанов, Серікбай Берімбетов, Біржан Өтебай, Ержан Әбдешов қатысып, Конституция жобасындағы негізгі бағыттарға жан-жақты тоқталды.

Жаңа Конституция жобасы – елдің саяси және құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды стратегиялық құжат. Жобаның басты мақсаты – әділетті, ашық әрі жауапты мемлекет қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін күшейту. Конституциялық өзгерістер елдің орнықты дамуына, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті сақтауға, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Жиын барысында:
– Конституцияның басты қағидаты – «Мемлекет адам үшін» ұстанымы;
– Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту;
– Әлеуметтік әділеттілік пен тең мүмкіндіктер қағидатын бекіту;
– Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту;
– Ардагерлер мен әскери қызметшілерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Ардагерлер тарапынан әскери қызметшілердің мәртебесін арттыру, медициналық оңалту шараларын жетілдіру, тұрғын үймен қамту және әлеуметтік жеңілдіктерге қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, Конституция жобасының әрбір бабы халықтың мүддесіне сай болуы керектігі жөнінде пікір айтты.
Қатысушылар жаңа Конституция ел дамуының берік құқықтық негізі болатынына сенім білдірді.
20 ақпан 2026 ж. 81 0