Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ағымдағы жылдың 6 маусымында «AMANAT» партиясы апта сайынғы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын іске қосқан болатын.



Осы орайда, бүгін партияның «Таза бейсенбі» жобасы аясында Шиелі аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова бастаған филиал қызметкерлері, партия белсенділері Орталық стадионда және И.Құтпанұлы атындағы ескерткіште кезекті тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Игі істен шет қалмай Шиелі аудандық Жастар ресурстық орталығы, спорт бөлімінің мамандары, аудандық «Жастар рухы» белсенділері, «Жасыл ел» еңбек жасағы тазалық акцияларына толық қатысып, өз үлестерін қосты.

Акцияның мақсаты – азаматтардың қоршаған ортаға саналы көзқарасы мен экологиялық мәдениеттін қалыптастыру.
#AMANAT

08 тамыз 2024 ж. 674 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

№32 (9399).

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031