Экология акциясына 12 мың адам атсалысты
Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы еліміздің түкпір-түкпірінде белсенді түрде өтіп жатыр. Тазалық мәдениетін қалыптастыруға сеп болатын іс-шара ізімен «Amanat» партиясы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады.
Күні кеше партияның 12 мың мүшесі мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері көше тазалауға шықты. Әуелі партия мүшелері өзен жағалауларын, орман алқаптарын, өндірістік аймақтармен қоса жол бойындағы аумақтарды қамтитын 475 учаскені айқындады. Мысалы, Астанада партия мүшелері заңсыз қоқыс алаңына айналған қараусыз учаскені ретке келтірді.
«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Даулет Кәрібектің айтуынша, «Таза бейсенбі» партиялық жобасы экологиялық мәдениет пен азаматтардың қоршаған ортаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруды көздейді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанын бастай отырып, бұл бір реттік акция емес екенін ерекше атап өтті. Әрбір үй, аула, тұрғын үй кешені, саябақ және басқа да нысандар назардан тыс қалмауға тиіс. «Amanat» партиясының мүшелері аталған науқанға алғашқы күннен-ақ белсенді қатысты. «Жастар Рухы» жастар қанатының шамамен 4 мыңға жуық волонтері су тасқынынан зардап шеккен жандардың баспанасын ретке келтіруге көмектесті. Енді әр апта сайын ел аумағында түрлі учаскелерде қоқыс жинау жұмысын ұйымдастырамыз. Осы мақсатта ластанған аумақтардың картасы әзірленді. Ел азаматтары, өскелең ұрпақ табиғи өнім тұтынып, таза ауамен демалып, сапалы су ішкенін қаласақ, экологиялық сана мен мәдениетті қазірден қалыптастыруымыз керек. Оны ең алдымен өзімізден бастаған жөн. Сондықтан қоршаған ортаға бейжай қарамайтын барша отандасымызды «Таза бейсенбі» акциясына үн қосуға шақырамыз», деді Д.Кәрібек.
Іс-шара тек қоқыс жинаумен шектелмейді. Әр учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер және бастауыш партия ұйымдарының басшылары бекітіледі. Олар сол учаскеде тұрақты түрде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етумен қатар, қоқыс жәшіктерін орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеу секілді абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін реттейді. Бейсенбіде қала тазалығына араласуға шыққан тұрғындардың қатарында елордадағы бастауыш партия ұйымының белсендісі Динара Маратқызы да болды.
«Таза мемлекет – бұл тек үнемі тазаланатын емес, қоқыс тастамайтын, тазалық сақтайтын ел деген сөз. Бұл менің елім, менің қалам. Мен балаларым мен немерелерімнің таза қоршаған ортада өсіп, таза ауамен дем алып, таза су ішкенін қалаймын», дейді Д.Маратқызы.
Осы тұста «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында аманаттықтардың 5 бағыт бойынша жұмыс бастағанын да айта кеткеніміз жөн болар. Партия мүшелері бірінші кезекте экология саласына қатысты заң шығаруды көздейді. Екіншіден, өңірлерде ластанған аумақтардың картасын жасай отырып, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастыруды қолға алды. Бұдан өзге, алда «Астана – Алматы» тас жол бойындағы аумақты тазартуға арналған «Таза Қазақстан» road-эстафетасын ұйымдастыру, тарихи, мәдени және табиғи мұраны вандализмнен қорғауға арналған қоғамдық науқан және жасыл волонтерлік – экологиялық волонтерлер қозғалысын құру міндеті тұр.
Есте болса, су тасқынының қауіпті кезеңі аяқталғаннан кейін «Amanat» партиясының 4 мыңға жуық белсендісі мен «Жастар рухы» жастар қанатының волонтерлері қарғын судан зардап шеккен тұрғындардың баспанасын ретке келтіруге көмектескен еді. Ал қазір еліміздің барлық өңіріндегі барша партиялықтар саябақтарды, скверлерді, аулаларды тазартып, тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштердің көрігін келтіруге кірісті. Аманаттықтар мұнымен шектелмей, сенбілікке шығып, ағаш отырғызуға және өзге де іс-шараларды тындыруға ниетті. Негізі «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған маңызды басымдықтың ішінде экологиялық мәселелерді шешу жайы қамтылған. Сайлауалды уәделерді жүйелі іске асыруды ойлаған партиялықтар былтыр мемлекеттік орман қоры аумағына 302,7 млн түп ағаш егуге үлес қосты. Сол секілді 39 ірі өнеркәсіптік кәсіпорында ауаның ластауын бақылайтын автоматтандырылған жүйе орнатуға септескен. Мұнымен шектелмей, партия 2027 жылға қарай сайлауалды бағдарламасы аясында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 36%-ға дейін ұлғайтуды көздейді. Осыған қоса Жайық өзенінің экожүйесін қалпына келтіру, Балқаш көліне тұрақты су ағынын қамтамасыз ету, ауа сапасының индексін енгізу, ластанған елді мекенде кәсіпорынның ауаны ластау нормативтерін 40%-ға дейін төмендету мәселесі жоспарда тұр екен. Жұмыс істеп тұрған 16 су қоймасын қайта жаңарту және жаңадан 14 су қоймасын салу да күн тәртібінен түспейтін шаруа.