Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІЛІКТЕР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

ШИЕЛІЛІКТЕР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бас­тамасымен қоршаған ортаның ластануын болдырмау, өлкеміздің табиғатын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Birge – taza Qazaqstan» акциясы аясында ауданда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.
Кент және барлық ауылдық округтерде жүргізілген қызу тірлікке тұрғындар мен мекеме қызметкерлері, ерікті жастар мен жеке кәсіпкерлер бір кісідей атсалысты. Нәтижесінде ауылдарға кіре беріс аймақтар, әлеуметтік нысандардың айналасы мен орталық көшелердің бойы қоқыс қалдықтарынан тазартылды. Осылайша әрбір ұжым өздеріне бөлінген аумақтарды тазалап ортақ үйіміздің көркеюіне өз үлестерін қосты.
«Акцияға қатысып ауданымыздың көркеюіне атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз.Алдағы уақытта да қоршаған ортамызды күтіп ұстау, тазалау жұмыстары жалғасын табатын болады» дейді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Өскен өңір» ақпарат
05 шілде 2022 ж. 1 222 0

Қоғам

ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫНДА ЕЛ ҮНІ БАР
31 желтоқсан 2025 ж. 104

ЗАУЫТТАҒЫ 20 ЖЫЛ

31 желтоқсан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (9367)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (9366)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (9365)

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031