Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕНБІЛІК – ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІ!

СЕНБІЛІК – ТАЗАЛЫҚ КЕПІЛІ!

Шиелі ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары өтті.
«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – бұл әрбір азаматтың басты міндеті.
Бұл сенбіліктің қоршаған ортаны сақтауға қосар үлесі мол. Бүгінде жаңарған ауданымыздың жасыл желегі ұлғайып келеді. Осы ретте, өскен ортамызды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына атсалысу әрбір тұрғынның азаматтық ұстанымы болуы тиіс. Жалпы өзің тұрып жатқан жердің тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлықтың бір белгісі.
Айта кетейік, ауданымызда тазалық, көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Сенбілік аясында ауданымыздың барлық кент және ауылдық округтері, дербес бөлімдер, ардагерлер, жастар қатысып, санитарлық тазалық жұмыстарың жүргізуде.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
25 ақпан 2025 ж. 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031