Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық – кенттің көркі

Тазалық – кенттің көркі

Сенбілік – мекен шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайды. Тұғыры биік туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті екені сөзсіз. Бұл көріністің бір парасы ауданда әр сәрсенбі-бейсенбі күндері ұйымдастырылады.
Оған барлық мекеме­ қызметкері, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдік қызметкерлері қатысып, белгіленген аумақтарға бөлініп, тазалық жұмыстарын жүргізеді. Аудан аумағында бей-берекет шашылған қоқыстарды жинақтап, тиісті орнына жөнелтіледі. Сонымен бірге ­аудан әкімі тазалық жұмыстарын арнайы өзі аралап, бақылап, сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктейді.
Ауданды абаттандырып, көркейтіп-көгалдандыру жұмыстары Нұржан Ахатов әкім болып тағайындалғаннан бері тыңғылықты жүзеге асуда. Нәтижесінде аудан орталығы Шиелі «Үздік кент – 2023» номициясына ие болды. Қазір кенттің көрікті келбетіне тамсана қарап тұра беруге болады. Әрине бұл ауызбіршіліктің, ұйымшылдық арқасында. Сол үшін «Тазалық – тазаланған жерде емес, тазалық сақтаған жерде болатынын» қаперде ұстап, әр адам үй-жайын ­ластамай, табиғатқа жанашырлық танытқанда ғана ауданның ажары одан сайын арта түспек. Сондықтан барша аудан тұрғындарын тазалық сақтауға шақырамыз.

Дархан Ғалымжанұлы
27 қараша 2023 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (9246)

15 қазан 2024 ж.

№81 (9245)

12 қазан 2024 ж.

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031