Тазалық – баршаға міндет
Туған өлкеміздің тазалығына, келбетінің көркеюіне атсалысу – әрбір тұрғынның міндеті. Аудан әкімінің өкімімен «2022 жылдың 17 қыркүйек пен 19 қараша аралығы ауданның елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың екі айлығы» болып жарияланды. Осыған орай апта сайын сенбіліктер өткізілуде. Өткен сенбіде аудандық ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері бөлінген аумақта орналасқан кәсіпкерлік нысандарын тазалап, кент тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аудан тұрғындарын күзгі екі айлық көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарына белсене қатысуға шақырды.
Айға жуық уақыт ішінде жүргізілген қызу тазалық жұмыстарынан кейін аудан орталығы, елді мекендер мұнтаздай тазарып келеді. Осы уақыт ішінде сенбіліктерге шыққан тұрғындар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері өз аумақтарынан қоқыс-қалдықты шығарып, ағаш түптерін, жол жиегін әктеді, тазалық шарасына бір кісідей атсалысты. Сенбіліктерде №6 кен басқармасы, СКК-Шиелі, ГРЭ-23 және кенттің санитарлық тазалығын қамтамасыз етіп отырған «Магнит» ЖШС мекемелерінен арнайы 8 дана техника қатысып, 920 адам сенбілікке тартылды. 1200 дана ағаштардың түптері әктеліп, 128 дана бағандардың түптері сырланып және 46 тонна қоқыс қалдықтары тазартылған.

Жалпы әр сенбілік сайын әрбір мекеме, бөлім қызметкерлеріне тазарту аймағы белгіленіп беріледі. Сол бойынша мекеме, бөлім қызметкерлері тазарту жұмыстарына жұмылдырылып, тұрғылықты жерді көркейтуге үлес қосады. Сенбіліктерде көше бойын тазарту жұмыстарына аудан тұрғындары бір кісідей атсалысқанда ғана нәтижеге қол жеткізетінімізді тілге тиек еткен аудан әкімі Нұржан Ахатов халықты ауызбіршілікке шақырды.
– Ауыл-аймақтың маңайын мұнтаздай таза ұстап, төл табиғатымызға тағылық жасамай, аялай білу үшін ең алдымен жалпақ жұртты жақсы іске ұйымдастыра білу керек. Осындай игі шарада туған жеріміздің тазалығы үшін белсенділік көрсеткен баршаңызға алғысымды айтамын, – деді.
«Сырт көз – сыншы» демей ме?! Біз мән бермеген ұсақ-түйекке олардың көзі түсуі мүмкін. Үйден бұрын қонақтан ұялмас үшін көшелер мұнтаздай таза болуы керек. Себебі біз осы арқылы аудан, ауыл тазалығын емес, өз тазалығымызды көрсетеміз.
Шапағат Тілеубаев