Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық айлығы басталды

Тазалық айлығы басталды

Ауданда жаппай сенбілік жұмыстары бас­талды. Оған барлық мекемелер мен тұрғындар жұмылдырылып, өңірдің тысқары аумақтары да назардын тыс қалмауы қадағаланып отыр.
Енді екі ай бойы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық айлығы өтеді. 7 қыркүйектен бастау алған науқан барысында әр аптаның сенбі күнін тазалау жұмыстарына арнау жоспарланған. Қоғам назарын қоршаған ортаны қорғауға, экология мәселесіне көңіл бөлуді мақсат еткен акцияға барлық мемлекеттік және жеке мекемелер толық атсалысуда.
– Бұл шара екі ай бойына жалғасады. Тазалық жұмыстарына байланысты әр мекеме өзіне тиісті аумақты басшылыққа алуы керек. Қаланың әрдайым мұнтаздай болуы оның тұрғындарына қатысты екенін естен шығармаған абзал, – дейді кент әкімі Ғ.Аманжолов.
Аудан тазалығына бағытталған шара қараша айының басына дейін жалғасады. Тазалық басталған 2 апта уақыттың ішінде аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, №252, №270 мектептер мен емхана қызметкерлері белсенділік танытып жатқаны белгілі болды. Кент әкімінің мамандары жеке балабақшалардың ешбірі тазалық акция­с­ы құлықсыз екенін айтады.
Ауданға қарасты алыс-жақын елді мекендер де науқаннан шет қалып жатқан жоқ. Әр тұрғын білек сыбана кірісіп, жас пен кәрі жұмыла жұмыс істеуде.
Өскен ұя, тұрғылықты мекенді мұнтаздай таза ұстау – рухани жаңғыруға бастар жол. Сондықтан туған жердің тазалығы үшін әр тұрғын жауапты.


Г.СӘБИТҚЫЗЫ

17 қыркүйек 2019 ж. 1 114 0