Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан тазарып, көшет егілді

Аудан тазарып, көшет егілді


Туған өлкемізді жасыл желекке бөлеп, тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет. «Туған жерге туыңды тік» деген халық даналығын ескерсек, өскен ортамызды абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына атсалысу әрбір тұрғынның азаматтық ұстанымы болуы тиіс.
«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу шарасы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз. Жасыл желектің әсерінен ауа тазарып, қолайлы мик­ро­­­­­­­климат қалыптасады және шу деңгейін төмендетеді. Өткен сенбіде қоршаған ортаны қорғау, айналаны таза ұстау мақсатында ауданда сенбілік өткізілді. Аудан әкімі Ә.Оразбекұлының ұйытқы болуымен өткен сенбілікке барлық бөлімдер мен мекемелер, ауыл округ әкімшілік қызметкерлері қатысты. Бос алаңдар мен иесіз аумақтар әр селолық округтегі мекемелер мен ұйымдарға бекітіліп берілді. «Ағаш отырғызу күні» акциясы аясында ауданға кіре беріс И.Әбдікәрімов, А.Байтұрсынов көшесі бойына және «Самара-Шымкент» автожолына, кенттің орталығы мен барлық ауылдық округтердің кіре берістері және орталық көшелерінің бойына сая­­лы ағаштар, түрлі көшеттер және қаламшалар отырғызылды. Аталған шараға аудан бойынша барлығы 2500 адам қатысып, 3000 түп көшет отырғызылды.
Күзгі маусымда ауданда санит­ариялық тазалық, көркейту мақсатында, күзгі тазалық айлығы апта сайын тұрақты жүргізілді. Бекітілген шара бойынша өткен әр сенбіліктерде 120-дан астам мекемелерден 6956-ға жуық адам қатысып, сенбілік жұмыстары қарқынды атқарылды. Екі айға созылған сенбілікте А.Ясауи, С.Сейфуллин, Ы.Жақаев, әл-Фараби, А.Байтұрсынов және Дәулеткерей, Т.Рысқұлов көшелері бойындағы жол жиегіндегі 5452 метр бордюрлердің айналасы топырақтан аршылып, тазаланды. «Самара-Шымкент» автожолы және кент көшелері бойындағы 7800-ге жуық ағаштардың түптері ақталды. «Көкшоқы» мөлтек ауданы және кенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын арнайы орындар айналасы бірнеше рет тазаланды. Сонымен қатар, Шиелі кентіне кіреберіс И.Әбдікәрімов көшесінен бас­тап «Самара-Шымкент» трассасы бойы мен кенттің орталық көшелері арам шөптерден, жаңбырдан кейін қалған көшедегі шалшық сулар арнайы техникалармен тазаланды. Бұл шараның негізгі мақсаты – арнайы белгіленген орынға жас көшеттер отырғызып, аудан бойынша тазалау жұмыстарын жүргізу еді.
Күз айы ағаш жапырақтары жерге түсіп, аулаларға тазалық жүретін шақ. Сондықтан да, қара күзде ағаш отырғызу өте пайдалы. Ол қыс бойы қар мен жаңбырдың суынан нәр алып, әбден жерсініп, көктемде өсіп кетуіне ықпал етеді. Туған жерімізді, ауламызды таза ұстап, абаттандыру, оны жасыл желекке бөлеу – баршамыздың бас­ты борышымыз.

Ж.ҚАУҒАНБАЕВА.
13 қараша 2018 ж. 1 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031