Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АРДАГЕРЛЕР АТСАЛЫСҚАН СЕНБІЛІК

АРДАГЕРЛЕР АТСАЛЫСҚАН СЕНБІЛІК



Үйреншікті үрдіске айналған сенбілік ауданның көркеюіне өзіндік үлес қосуда. Өткен сенбіде барлық елді мекенде сенбілік жұмыстары жүргізіліп, көк ағаштар отырғызылды.
Ауданның батыс беткейінде орналасқан Бала би ауылының ақсақалдары да өткен сенбіде бүгінгі жастарға өнеге болсын деп, қолдарына күрек алып, «Мал қалғанша, тал қалсын» деген ұранмен көшеттер отырғызды. Атап айтсақ, ауылдың ардагерлер кеңесінің төрағасы Ұзақ Оразов бастаған Сейітмағанбет Жұманазаров, Қуандық Өтешов, Әлімбай Дәулетовтер ауылдағы «Тағзым» алаңы маңына қысы-жазы жасыл болып тұратын шырша ағашын отырғызса, үлкендерге құрмет көрсетіп, өнегелі істің басы-қасынан табыла білген ауыл әкімі А.Шералыұлы мен әкімшілік қызметкерлері ардагерлермен бірге сенбілік жұмысына жұмыла кірісті. Сонымен қатар, елі үшін көкірегін оққа тосқан азаматтардың құрметіне қойылған ескерткіш маңына түрлі гүл егуді де естен шығармады.
«Тон жағасыз болмайды, ел ағасыз болмайды» демекші, ауыл-аймаққа сыйлы, қадірлі ақсақалдар ел арасында қай кезде де құрметті. Олардың бүгінгі жастарға көрсеткен өнегесі өшпейді. «Ақсақалы бар ауыл азбайды» деп айтылуы содан болар. Осы арада жастарға бас болып жүретін ақсақалдарымыз аман болсын дейміз.

Е.БАЛТАБАЙҰЛЫ.
03 сәуір 2018 ж. 2 872 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930