Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАРИЯЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

ҚАРИЯЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ


«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының жастары өңірдегі Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерінің, жалғызілікті қариялардың үйіне барып, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қолғабыс беруде.
Қыс уақытында ауладағы қарды күреп, отын-суын тасып, жаз айларында қора-қопсыларын тазалап, үйлеріне тазалық жұмыстарын жүргізетін жастарға жұрт дән риза. Осындай көмектің бірі Сайқын ауылының тұрғыны Ұлғаным Жұ­ма­ғалиева әжейге көрсетілді. Жалғызілікті қарияның үйіне қыстық отын жеткізілді.
Ұлғаным Жұмағалиева 1938 жылы дүниеге келген, 1941-1945 жылдары тылда еңбек еткен. Өмірлік жары, Ұлы Отан соғысының ардагері бұрынырақта дүниеден өткен. Бір ұл, бір қызы қолында тұрады, бірақ денсаулықтарына байла­нысты жұмысқа жарамайды. Сондықтан кейуана жастардың көмегіне зәру.
– Жалғыз өзім болғандықтан, қыруар шаруа жиналып қалады. Жастардың титтей болса да жұмысымды азайтуға сеп­тігін тигізіп жатқанына қуанамын. Бар­лығына ризамын, – дейді тыл ардагері Ұлғаным Жұмағалиева.
Жастардың бірі есік алдындағы қарды тазаласа, енді бірі қарияның қысқы оты­нын әзірлейді. Қарттарға көмектесу – игі іс. Әсіресе, жалғыз тұратын қарттар жас­тардың көмегіне мұқтаж.
Ауданда ардагерлер көп. Жыл басынан бері ауыл жастары қариялардың үйіне барып, түрлі сенбілік ұйымдастырды. Осылайша, өскелең ұрпақ ұлт тарихына өлшеусіз үлес қосқан қарттарға көмектесу арқылы өз бойларында мейірімділік пен ізеттілікті қалыптастыруда.
«Кішіге – ізет, үлкенге – құрмет» көр­сеткен қазақ баласы қашанда қариясын сыйлаған, қамқорлық танытқан. Алда мұндай ізгілікті істер жалғасын таба бермек.
Ернар ШӘКЕН
09 ақпан 2018 ж. 1 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930