Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшедегі кімнің сиыры?

Көшедегі кімнің сиыры?



«Тазалық – иманның жартысы» демекші, әр адамға қоршаған ортаны таза ұстау, ағаш отырғызып, табиғатты аялау ізгілікті іс болып табылады. Осыны назарға алған аудан тұрғындары апта сайын сенбілікке шығып, тазалықты сақтау мәселесіне өздерінің лайықты үлестерін қосуда. Көшелердің бойындағы қоқыстар жиналып, көшеттер егіліп, ағаштар әктелуде. Әрине, тазалық бар жерде көркемдік қатар жүрері сөзсіз. Сонымен қатар, тазалықты тәртіппен егіз ұғым десек, ешкім артық демес, сірә.
Бұл мақаламыздың жазылуына бағусыз жүрген сиырлар себеп. Кенттің әсем, жасыл желекті жерлері көргенге көз сүйсіндіріп, көңіл тоғайтады. Жасыл желек, жан-жағы көшеттер, жарық шамдар, немесе ескерткіш сол маңайдағы. Керемет көрініс, я тамашалағанға. Бір кезде көзіңізге оғаш әрі ерсі жағдай ілігіп, көңілің құлазиды. Бұл жерден не тапты екен дерсіздер. Бәлкім, бұл сіздерге де таныс құбылыс шығар. Иә, иә, сиырды меңзеп отырмыз. Жап-жасыл желектің үстінде жайылып жүрген зеңгі бабаның баласын көргенде, «Иелері бұларды іздемей ме? Амандығына бас ауыртпайды ма? Неге еге болмайды екен?» деген сан сауалдар санаңызда кезек күттірмей сайрай бастайды. Малдың жайылуы кент аумағындағы абаттандырылған орындарға, инфрақұрылымдық нысандарға нұқсан келтіретіндігі бесенеден белгілі. Расында, бүгіндері көше кезген иттердің қатарына қосылған сиырлар қоқыс-қалдық тастайтын жәшіктерді қопарып жүр.
«Свежий» тезекке тайып жығылып, ешкім майып болмай тұрғанда мүмкін кент тұрғындары малдарына егелік етіп, бас-көз болар. Осы ретте, кент әкімі аппаратының «Ұйымдастыру және шаруашылық» бөлімінің басшысы Ғалымжан Бейсембаевпен хабарласқан болатынбыз. Ғалымжан Қайырбекұлының айтуынша, арнайы рейдтер ұйымдастырылып, қараусыз орталықта жүрген малдарды қамап жатыр екен. Және айыппұлдар салынатындығын да жеткізді.
– Тұрғындар сауын сиырларын қорасында ұстауы тиіс. Саяқ малдарын тоғайларға жіберулері керек. Олай болмаған жағдайда, мал иелері табылып, әкімшілік кодекстің баптарына сәйкес жауапқа тартылады. Яғни, белгілі бір мөлшерде әкімшілік айыппұл салынады. Былтыр 30 бас малға 35 мың теңге көлемінде айыппұл салынған болатын. Биылғы жылы да тұрғындар ескертулерге құлақ аспайтын болса, малдары қамалып, айыппұлдар өндіріледі, – дейді.
Сол үшін де кент ішінде малдарын жіберіп, жайбарақат отыратын олардың иелерінің назарына. Күннен-күнге ажарланып, көшелері кеңейіп, кентіміздің инфрақұрылымы қарыштап келе жатқан сәтте тұрғындар бейжай қалмай, тазалық пен тәртіпке жете мән беріп, сананы өзгертіп, туған жеріміздің тазалығы мен мәдениетін көтеруге өз үлестерін қосса екен дейміз. Қолдарындағы ірілі-ұсақты малдарына иелік етіп, орталықта «емін-еркін серуендетпесе» екен дейміз. Тәртіп пен тазалықтың шекарасынан шеттеп жүрмейік.
Ал, қоқыстармен тамақ асырап, «күнелтіп» жүрген сиырдың «экологиялық таза өнімі» жайында кейінгі мақалаларда айтатын боламыз.

Дина ЖҮСІПОВА.
16 мамыр 2018 ж. 2 633 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930