Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ТИЯНАҚТАЛДЫ

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ТИЯНАҚТАЛДЫ

Күнделікті көріп жүргеніміздей, өмірдегі өзекті мәселенің бірі – тазалық. Себебі, тазалық – өмір айнасы, иманның жартысы. Ол болмаған жерде бейберекетсіздік ендеп, қоғамда қауіпті жағдайлар орын алып, адам денсаулығына зиянды факторлар пайда болуы ғажап емес. «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Бүгінде елімізде қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында аудандық жоспар бекітіліп, кешенді жұмыс жүргізілуде. Өткен аптада аудан әкімі Айтбай Жандарбеков кент орталығын абаттандыруға арналған техникалардың жағдайын біліп, жұмыс барысымен танысты. Іс-шарада аудан басшысы сала басшыларына жаңадан алынған техникаларды тиімді пайдаланып, үздіксіз әрі сапалы жұмыс жүргізуді тапсырды. – «Таза Қазақстан» акциясы – тек айналаны тазарту ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам. Қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, халық арасында экологиялық насихат жұмыстарын жандандыруымыз қажет. Сонда ғана біз ауданда тазалық мәдениетін қалыптастырып, жүйелі жұмыстар жүргізе аламыз. Екі жыл қатарынан облыста ұйымдастырылған «Үлгілі елді мекен» байқауында Шиелі кенті «Үлгілі аудан орталығы» деп танылып, жаңа техникалық көліктермен қамтамасыз етілді. Бұл жүйелі жұмыстардың жемісі. Бірақ, әлі де босаңсуға болмайды. Тазалық акциясын бұдан әрі жандандырып, аудан тазалығын басты назарда ұстауымыз керек, – деді аудан әкімі. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – әрбір азаматтың міндеті. Ал сенбілікті ұйымдастырудың басты мақсаты – мекеме қызметкерлерінен бастап елге өнеге болу арқылы халықты ортақ іске жұмылдыру. «Ауылына қарап азаматын таны» деген нақыл сөз бар. Осы сөзді әрбір тұрғын санасында ұстаса, аудан ажары артып, гүлдене түсері сөзсіз. Айта кетейік, шарада кент әкімдігінен 12 техника, сондай-ақ тазалық мекемесінен трактор, газель, жүк көлігі сияқты тазалық жұмыстарын жүргізетін 40-қа жуық техника таныстырылды.
Мейіржан ИБРАГИМОВ,
Сурет Бақытжан БӘЙІМБЕТ

05 ақпан 2025 ж. 33 0

Қоғам

БІЗДІҢ НӘЙЛА
05 ақпан 2025 ж. 46

БАЛА НЕГЕ ҰМЫТШАҚ?

05 ақпан 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9276)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (9275)

03 ақпан 2025 ж.

№7 (9274)

28 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728