Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» ЖҮРЕКТЕРГЕ ЖОЛ ТАПҚАН ЖОЛДАУ

ЖҮРЕКТЕРГЕ ЖОЛ ТАПҚАН ЖОЛДАУ






ЖҮРЕКТЕРГЕ ЖОЛ ТАПҚАН ЖОЛДАУ 
Бүгінгі, 5 қазан Қазақстан ұстаздарының төл мерекесі күніне сәйкес келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауын ұстаздар қауымы ыстық ықыласпен, зор қуанышпен, ілтипатпен тыңдады. Себебі биылғы жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелерін және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған. Жолдау- халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыруға негізделген десек болады. Көптеген әлеуметтік бастамалар көтеріліп, бірнеше сала қамтылған. Соның ішінде білім саласы да басты назарда екені жүрекке жылылық ұялатып, жарқын болашаққа сенімімізді арттырды.
Елбасы өз жолдауында келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін тапсырды. Бұл заң педагог жүктемесін азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауы тиіс деген сөздері ұстаздар көкейін дөп басты деп айтуға болады.
Жолдау жалпы білім саласына жаңа міндеттер жүктейді. Барлық Қазақстандық ұстаздардың алдында Елбасымыз айтқандай Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен іс-тәжірибесін мемлекеттік мектептерге енгізу жұмысы тұр. Бұл- бізге артылған үлкен сенім. Сол сенімнің үдесінен шығуға еңбектенетін боламыз.
БЕКТЕГЕНОВА ГҮЛМИРА ҚАСЫМҚЫЗЫ, 
№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицей директоры
---
06 қазан 2018 ж. 2 130 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930