Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы Жолдауы – ел мүддесі

Елбасы Жолдауы – ел мүддесі


Елбасының биылғы халықтың әлеуметтік жағдайын, табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған Жолдауының әрбір тармағының маңызы мен мәні өте зор. Әр азаматтың әл-ауқаты әрдайым Елбасының басты назарында екенін, еліміздегі нақты әлеуметтік мәселелердің маңыздылығын көрсетеді. Жаһандану заманында әрбір ұлттың өзін-өзі тануға ұмтылуы – заңдылық. Осы ретте, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы рухани дүниені танып білуімізге жол сілтеуші бағдар ретінде жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді. Сондықтан, бұл бастаманы әрі қарай жалғастыра отырып, оның аясын жаңа мазмұнмен және тың бағыттармен толықтыра береміз. Жолдауда тұрмыс сапасын арттыру, халыққа қызмет көрсету сапасын елеулі түрде арттыруды қамтамасыз ететін тиісті реформаларды жүзеге асыру мақстатында білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту бойынша тапсырма берді. Орта мектептің деңгейінде оқушыларды сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби бағыт-бағдар беру мәселесі айтылды. Үкіметке халықты денсаулыққа және өмірге қауіп төндіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден қорғайтын шаралар қабылдауды және осы жұмысты ретке келтіруге жұмыс жасау керектігін нықтады. Келер жылды «Жастар жылы» жариялауы елді жігерлендіргені сөзсіз. Жастардың рухани, мәдени деңгейін көтеру, отбасы институтын кешенді қолдау, олардың өз кәсіптерін ашуына ықпал етуді де назардан тыс қалдырмады. Ал, тұрғын үй қолжетімдігін арттыру және сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары арқылы әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерінің қарастырылуы әлбетте, зор мүмкіндіктер бастауы. Олай болса, біз Елбасының алға қойған мақсат, міндеттерін бірлікте, сыйластықта жүзеге асыруға тиіспіз. Ынтымағы жарасқан елдің ырыс берекесі де мол болмақ.

Ғабитбек Көшекбаев,
Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейінің
директоры.
13 қараша 2018 ж. 1 513 0