Даму жолындағы бағдаршам
Әлемді жайлаған коронавирус індетінің кесірі білім саласын да айналып өтпегені белгілі. Қашықтан білім алу, ІТ технологияны пайдалану сынды жаңа дүниелерге толық дайын еместігіміз де аңғарылды. Сондықтан ел Президенті Қ.Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялады. Онда ең алдымен қолжетімді әрі сапалы білім берудің маңыздылығы айтылды.
Өткен жылдың соңғы тоқсанында ұстаздар қауымы шәкірттеріне қашықтан білім беруіне тура келді. Жағдайдың әлі де толық қалыпқа түспеуіне байланысты биылғы жаңа оқу жылы да қашықтан оқытуды жалғастыруға мәжбүр етті. Болашақта телефон мен компьютерден бас алмаған баладан қандай білімді шәкірт қалыптаспақ деген сұрақ көпшіліктің көкейінде жүргені рас. Ал кешегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауы еліміздің алдағы бағыт-бағдарын, қоғамдағы білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы салаларындағы өзекті мәселелерді оңтайлы шешудің жолдарын айқындап берді.

Президенттің мұғалімдерге, қолжетімді әрі сапалы білім беруге қатысты Жолдауда айтқан сөздері ұстаздар қауымына серпін берді. Қашықтан оқыту жүйесі қолға алынғалы бері ұстаздар күндіз-түні телефонға телміріп, ата-аналармен, оқушылармен үздіксіз байланыс ұстап отырды. Ұстаздардың мәртебесін арттыру мақсатында жалақысын арттыруды, білім саласындағы олқылықтардың орнын толтырып, техникалық базасын жақсартуды да назардан тыс қалдырмады. Бұл болашаққа жасалған қадам деп бағамдадық. Сондықтан сапалы әрі қолжетімді білім беру үшін ұстаздар қауымы күндіз-түні ізденіп, жаңашылдыққа бейімделуді мақсат тұтамыз.
Ержігіт БЕКТҰРҒАНОВ,
№251 М.Әуезов атындағы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі
№251 М.Әуезов атындағы орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі