Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалы әрі қолжетімді білім – даму кепілі

Сапалы әрі қолжетімді білім – даму кепілі


Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа замандағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты кезекті Жолдауын жариялады. Бұл жолғы ахуал жылдағыдан өзгерек. Әлем болып коронавирус індетімен күресу ешкімге оңай тиген жоқ. Әсіресе енді ғана еңсе көтеріп, алға ұмтылған қазақ елі үшін біршама қиындықтар туындады. Соның ең бастысы мәселелерінің бірі – білім беру ісі. Жолдаудың
V тарауы «Сапалы әрі қолжетімді білім» деп аталады.Президент «Коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды.  Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды. Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек» дәл әрі нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, ұстаз мәртебесін көтеріп, жалақысын көтеруді де тапсырды. Бұл халыққа көрсетілген қолдау, ұстаздар қауыма жасалған серпіліс болды.
Сәлима Апбасова,
Ардагер ұстаз
01 қыркүйек 2020 ж. 805 0