Қызылордада жемқорлықтың алдын алуда жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жүйелі түрде жұмыстар жүзеге асырылып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл міндеттер Елбасының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында көрсетілген. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары облыс бойынша сыбайлас жемқорлық деректері төмендеген. Бұл сипаттағы қылмыстар 2016 жылы 145 деректі құраса, ол 2017 жылы 121 қылмысқа азайған. Осының нәтижесінде көрсеткіш 16,6 пайызға төмендеген. «2018 жылдың алғашқы тоқсанында облыста сыбайлас жемқорлық сипатындағы 39 (2017 жылдың 3 айында - 47) қылмыс тіркеліп, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға азайған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі шаралар жүргізіліп келеді. 2018 жылдың І тоқсанында департамент жемқорлықтың алдын алу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларын түсіндіру бағытында барлығы 799 іс-шара ұйымдастырды. «Парасыз болашаққа. Бірге!» жобасы аясында департамент жанынан құрылған мобильді топ 2018 жылдың 5 айында жалпы саны 170 мыңнан астам адамды қамтыған кездесу мен қоғамдық қабылдау өткізді. «Есіктен есікке!» жобасы аясында коммуналдық қызметтер бойынша ақы төлеу түбіртектеріне тіркелген жемқорлыққа қарсы флаерлер таратылса, қоғамдық көліктер мен халық көп шоғырланған орындарда жемқорлыққа қарсы плакаттар ілініп, парақшалар таратылды», - деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев. Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында рухани-адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында облыс мектептерінде «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубы құрылып жұмыс жасауда. 2018 жылы осы клубқа мүшелікке өткен оқушылар саны 15 мыңнан асты. Әділжан Үмбет