Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САПАЛЫ БІЛІМ - ҚУАТТЫ ҰЛТ

САПАЛЫ БІЛІМ - ҚУАТТЫ ҰЛТ


 Ұстаздар күні қарсаңында «Әділет» партиясы Шиелі аудандық филиалында "Сапалы білім - қуатты ұлт" тақырыбында кездесу өтіп, білім саласының бірқатар ұстаздарына құрмет көрсетілді.

Мерекелік шара барысында партия филиалының төрағасы Жібек Баймұратова білім беру саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Жиында ұстаздық еңбектің қоғамдағы орны ерекше екені айтылды. Ұстаз – жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, олардың бойына адамгершілік қасиеттерді, елге деген сүйіспеншілікті, еңбекқорлық пен жауапкершілікті қалыптастыратын тұлға. Сондықтан мұғалім еңбегін бағалау – барша қоғамның ортақ міндеті.

– Ұстаз – ұлт тәрбиесінің темірқазығы. Сіздердің шәкірттерге берген білімдеріңіз бен өнегелеріңіз – елдің ертеңіне қосылған зор үлес. Ұстаздық жолдағы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Әр шаңыраққа қуаныш, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін, – деді Жібек Баймұратова.

Шара барысында ұстаздарға жылы лебіздер айтылып, олардың еңбегі мен қоғамның дамуына қосқан үлесі атап өтілді. Ардагер ұстаздар мен білім саласының өкілдері өз кезегінде көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдірді.

Ұстазға құрмет – білімге, болашаққа және ұрпақ тәрбиесіне деген құрмет. Осындай игі бастамалар арқылы білім саласы мамандарының еңбегін бағалау, олардың мәртебесін арттыру және кейінгі буынға ұстаздық еңбектің қадірін түсіндіру маңызды.

Мерекелік кездесу көтеріңкі көңіл күйде өтіп, ұстаздарға деген ыстық ықылас пен алғыстың жарқын көрінісіне айналды.
06 қазан 2026 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031