Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ТАҒЗЫМ

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ТАҒЗЫМ


 Ұстаздар күні қарсаңында «Әділет» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Жібек Баймұратова білім саласында ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беруге арнаған ардагер ұстаз Омар Мәрия Ибадуллақызын мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында Жібек Баймұратова ұлағатты ұстаздың білім беру саласындағы еселі еңбегіне ерекше тоқталып, қажыр-қайраты мен кәсіби біліктілігін атап өтті. Мәрия Ибадуллақызының саналы ғұмыры жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге арналғанын жеткізді.

Өз кезегінде Омар Мәрия Ибадуллақызы көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ұстаздық жолдағы естеліктерімен бөлісті. Ол жас ұрпаққа сапалы білім беріп, олардың бойына адамгершілік, отансүйгіштік және еңбекқорлық қасиеттерін сіңіру – ұстаздың басты міндеті екенін атап өтті.

Ұстазға деген құрмет – ел болашағына деген құрмет. Себебі шәкірт жүрегіне білім нәрін сеуіп, өмір жолына бағыт сілтеген ұстаз еңбегінің өлшеуі жоқ.

Кездесу соңында Жібек Баймұратова ардагер ұстазға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, көңіліне шаттық тілеп, еңбегінің жемісін көріп, шәкірттерінің құрметіне бөлене беруіне тілектестік білдірді.

Ұстаздар күні – ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан барша ұстаздарға алғыс білдіретін ерекше мереке. Ұлағатты жандарға көрсетілген құрмет – кейінгі буынға өнеге, елдің білім мен тәрбиеге деген жоғары бағасының белгісі.
06 қазан 2026 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

№75 (9442)

03 қазан 2026 ж.

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031