Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагер ұстазға құрмет

Ардагер ұстазға құрмет


Талай шәкіртті саналы біліммен сусындатып, білім саласының ардагері атанған Бақтыгүл Оспанованы Аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, лайықты құрмет көрсетті.
Мерекелік қабылдауда аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов ардагер ұстаздың ауданның өсіп-өркендеуі жолында ұзақ жылдар жемісті еңбек еткенін атап өтті.
– Сіз Шиелі ауданының білім саласына айрықша үлес қосып, ұзақ жылдар жемісті еңбек еттіңіз. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәлім бердіңіз. Ұстаздық өмір жолыңыз кейінгі ізбасар әріптестеріңізге үлгі болып, шәкірттеріңізді еңбекке, адамгершілікке баулуда аянбай еңбек еттіңіз. Осы еңбегіңіз бен адал қызметіңіздің арқасында абырой биігіне көтерілген сізге өнегелі еңбек жолыңызда «ҚР Білім саласының үздігі», «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздік қызметкері» төсбелгісі, облыстық білім басқармасының грамоталары мен алғыс хаттары, «Қызылорда облысына 70 жыл» және «Қызылорда қаласына 190 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталдыңыз. Бұл сізге деген зор құрмет, айрықша ілтипат. 80 жылдық мерейтойға зор абыроймен, құрметпен жетіп отырсыз. Лайым ағамызбен, ағайын-туыстың арқасында ауданның ардақты анасы болып жүре беріңіз, – деді аудан әкімінің орынбасары А.Әбілқасымұлы
Мұнан кейін Шиелі ауданы әйелдері қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ш.Оразымбет, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Б.Насибеков, №47 М.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің директоры сөз сөйлеп, мерейтой иесіне ізгі тілектерін жеткізді. Өз кезегінде білім саласының ардагері, «Алтын алқа» иегері Бақтыгүл Оспанова құрмет көрсеткен аудан басшылығына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Шапағат Тілеубаев
12 сәуір 2021 ж. 995 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930