Іргелі оқу ордасы
Талай түлекті қанаттандырған іргелі оқу ордасы Шиелі индустриялды-аграрлық колледжінің қажетті мамандар даярлап, сапалы білім беріп келе жатқанына 63 жыл. Жарты ғасырды өткерген білім ошағы сәрсенбінің сәтті күні мерейлі мерейтойын атап өтті.
Кәсіптік білім беру жүйесінде өзіндік орны бар білім ордасының 63 жылдық мерейтойына аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов қатысты. Озық елдер қатарынан көріну үшін білім сапасын арттыруды басты назарға алған Мемлекет басшысы жыл сайын грант санын арттырып, оқу ордаларының қажеттілігін ескеріп келеді. Бүгінгі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мемлекет әсіресе, жастарды оқуға, ғылым мен білімді игеруге, сондай-ақ, жаңа технологияны күнделікті өмірде тиімді қолданып, мүмкіндіктерді пайдалануға ықпал етуде.

Осы тұрғыда Шиелі индустриялды-аграрлық колледждің тынысы адам танымастай өзгеріп, уақыт өте келе еңбек нарығы мен заман талабына сай ілгерілеп өсу сатысында дамып келеді. Мерейтойға арналған «Шежірелі білім ордасы» атты танымдық кітаптың тұсаукесерінде аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов колледж ұжымын және құрметті қонақтарды білім ордасының мерейлі мерекесімен құттықтады. «Біздің мыңдаған түлектеріміз колледжден алған білімінің нәтижесінде жан-жақты табысты қызмет жасауда. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш. Шиелі ауданының өсіп-өркендеуі мен өндіріс орындарының қалыпты жұмыс жасауына кәсіби шебер даярлау арқылы айрықша үлес қосып келе жатқан колледж ұжымын құттықтап, толағай табыстар, шығармашылық ізденістер тілеймін» деп жылы лебізін білдірді аудан әкімінің орынбасары А.Әбілқасымұлы.
Ерекше атап өтерлігі, колледж түлектерінің қатарында есімі елге танымал «Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері белгісінің иелері Ы.Жақаев, Ш.Қазанбаева, Ұ.Алтайбаева, Ж.Таспанбетова, З.Ержанова және механизаторлар Р.Мәуленов, С.Айтасов, Ж.Ахметов секілді белгілі азаматтар білім алып, ел мақтанышына айналып, бай тәжірибелерін қоғам дамуына жұмсаған құрметті азаматтар да бар.
Шара барысында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың «Алғыс хаты», ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтың «ҚР Білім беру ісінің «Құрметті қызметкері» төсбелгісін осы аталған оқу орнына елеулі үлес қосқан колледж директоры М.Мұсаханұлына табыстады.
Соңында М.Мұсаханұлы әлемді шарпыған пандемия кезінде осы оқу орнында беделді еңбек еткен бір топ оқытушылар мен қызметкерлер Бауыржан Бегалдинов, Нұрлан Сұлтанұлы, Сәуле Сейтханқызы, Лиза Рахманберді, Анаркүл Берікқараева мен Гүлмира Есболатқызы алығыс хаттармен марапаттаса, Рамазан Сердалы, Назерке Қожахметова, Базарбай Алданазаров, Фариза Қалдыбаева, Гүлшат Досымова секілді мамандарға колледждің «60 жылдық» мерекелік медалі тағылды. Айта кететін жайт, шарада карантин талаптары толығымен сақталды.
Шапағат Тілеубаев