Колледж келбеті
Бүгінгі білім беру жүйесінің басты мақсаты бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осы тұрғыда, Шиелі индустриалды-аграрлық колледждің тынысы адам танымастай өзгеріп, уақыт өте келе еңбек нарығы мен заман талабына сай ілгерілеп өсу сатысында дамып келеді. Колледж іргетасы 1958 жылы Бәйкеқұм қыстағында аудан ұжымдары мен мекемелеріне ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын №97 селолық кәсіптік техникалық училище болып құрылған болатын. Кейін 1980 жылы Шиелі қыстағында жаңа типтегі оқу орнына көшіріліп, мамандықпен қоса орта білім беретін оқу орнына айналды. Өз кезеңінде әртүрлі атауға ие болып, 2013 жылдан бері қарай «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілген болатын.Бүгінде де аграрлық бағытта ауыл шаруашылығының кең профильді білім ордасы ретінде 60 жылдан бері қызмет етіп келеді. Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі болашақ мамандарды жоғарғы деңгейдегі білім сапасымен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім беру кадрларының бәсекеге қабілеттілігін көтеру басты мақсаттарының бірі. Жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатуда. Сондықтан болар, бұл оқу орны қоғам сұранысын өтеп, өндіріс орындарына 9 түрлі мамандық бойынша мамандар дайындауда.
Бұл колледждің тарихына жүгінсек, аты аңызға айналған 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жахаев атамыз, Социалистік Еңбек Ерлері З.Ержанова, Ұ.Алтайбаева, Ш.Қазанбаева, Ж.Таспамбетова және орденді механизаторлер Рысбай Мауленов, Сұлтан Айтасов, облыстық маслихат депутаты Жақсылық Ахметов т.б. көптеген азаматтарымыз түлеп ұшып, ел мақтанышына айнала білді.
Соңғы екі жылда Шиелі индустриалды-аграрлық колледждің материалдық-техникалық базасы жақсарып, аграрлық сала мамандарын даярлауда көшілгерілеп тұр. Колледж өз түлектерінің толық жұмыспен қамтылуына үлкен мән беріп, басты назарда ұстауда. Келешекте оқу ордасы биік белестерден көріне беруді мақсат тұтады.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.