Халық қалаулылары киелі өңірде
Сейсенбі күні өнеркәсібі өркендеп, қарқынды құрылыс алаңына айналған киелі өңірдің өрелі істерімен танысқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Смағұл, А.Ералиев, Г.Шиповских жұмыс сапарымен Шиелі ауданына табан тіреді. Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған игі істердің игілігіне куә болып, біршама орындарды аралады.
Іс-сапар барысында әуелі аудандағы тірек ауылдың бірі Еңбекшіге ат басын бұрды. Соңғы 5 жыл көлемінде 2 млрд. жуық қаржы жұмсалып, ауылдың ажары күннен-күнге артып келеді. Жуырда 90 орындық «Нұргөбек» балабақшасы бой көтерген мекеннен спорт кешені де ашылды. Халыққа берер пайдасы мол кешендер жұмыссыздар санын азайтып, болашақтың бағдарын айқындай түсері анық. Парламент Мәжілісінің депутаттары «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңадан салынған жаңа спорт кешенінің ішін аралап, Еңбекші ауылдық мәдениет үйінде халықпен кездесті.
Одан әрі кенттегі 60 жылдық тарихы бар Шиелі индустриалды аграрлық колледжіне жол түсті. Бүгінде үлкен бір білім ошағына айналған іргелі оқу ордасы техникалық және кәсіптік білім беруде бәсекеге қабілетті кадрлар шығаруда. Аталмыш колледж қоғам сұранысын өтеп, өндіріс орындарына 9 түрлі мамандық бойынша мамандар даярлайды. Соңғы екі жылда Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің материалдық-техникалық базасы жақсарып, аграрлық сала мамандарын даярлауда көш ілгерілеп тұр. Колледж өз түлектерінің толық жұмыспен қамтылуына үлкен мән беріп, басты назарда ұстауда. Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің депутаттары білім алушыларға жасалған қолайлы жағдайдың бірі жатақхана ішін көрді. Жаңа үлгідегі ғимараттың талапқа сай соғылғанын да тілге тиек етті.
Сыр күрішін әлемге әйгілеген дән атасы Ы.Жақаевтың туған жеріне келген қонақтар Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейіне бас сұқпай кетпейді. Көненің көзіндей болған жәдігерлерді көзбен көріп, тарихтан сыр шерткен сапар барысы қасиетті ғимараттың кереметін тамашалаумен тәмам болды. Кездесулер барысында тұрғындар халық қалаулыларына сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын да алды. Сондай-ақ, халық тарапынан айтылған ұсыныс пікірлер тыңдалды.
Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ.