Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбекшідегі ерекше күн

Еңбекшідегі ерекше күн



Шиелі ауданы, Еңбекші ауылының мәдени өмірінде айрықша сәттер орын алды.
Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуымен Еңбекші ауылдық округінің көркін аша түсетін, халқына берер пайдасы мол, жобалық құны 190 млн. 318 мың теңгенің жаңа 120 орындық спорттық сауықтыру кешенін және 169 млн. 864 мың теңгенің 150 орындық клуб үйі пайдалануға берілді. 
Ауданымыздың тау етегінде орналасқан Еңбекші ауылы тірек ауылдық елдімекен болып бекітілген. Соңғы 5 жыл көлемінде ауылға 2 млрд. – қа жуық қаржы салынып, әлеуметтік нысандар бой көтеріп, қосымша жұмыс орындары ашылуда.
Еңбекші ауылының тумасы археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, елімізге белгілі әрі танымал археолог, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Елеуов Мадияр Елеуұлы және «Айқын» газетінің бас редакторы, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы ауылдағы жаңадан ашылған нысандардың ел игілігіне берілуінің куәсі болды.

27 мамыр 2018 ж. 2 260 0