Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖУАНТӨБЕДЕГІ КЕЛЕЛІ ІСТЕР

ЖУАНТӨБЕДЕГІ КЕЛЕЛІ ІСТЕР


Жуантөбе ауылдық округі, Алғабас елді мекені ауданымыздағы үлкен ауылдардың бірі. Экономикасы дамыған, ауылшаруашылық, кәсіпкерлік білім, спорт саласында да қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Кезекті кездесуде ауыл әкімі Ә.Бегайдаров 2017 жылғы атқарылған есебін берді. 
Ауылдық округ әкімі Бегайдаров Әділбек Тәліпұлы баяндамасын былтырғы кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалу барысымен бастады. Содан соң жиналғандарды ауыл тынысымен хабардар етті. 
Алғабас ауылында 555 отбасы, 3175 халық тұрады. 
Жуантөбе ауылдық округінде мәселелерінің барлығы дерлік шешілген. Ауыз судан, аяқ судан, жарықтан еш проблема жоқ. Мектеп, балабақша, мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілген. 
2017 жылы жобалық құны 36 млн. 419 мың теңгенің жаңа Жуантөбе ауылдық округінің әкімшілік ғимараты, мемлекеттік-жекеменшік аясында «БЕТА и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ерболат Жылқайұлының жеке қаражатына жобалық құны 42 млн. теңгенің жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.
19 қаңтар 2018 ж. 1 720 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (9378)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (9377)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728