Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаттары өңірімізде

Мәжіліс депутаттары өңірімізде

Мәжіліс депутаттары 2018 жылдың 3-12 қаңтар аралы­ғында сайлаушылармен кездесу үшін өңірлерде болады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Онда халық қалаулылары еңбек ұжымдарымен, қоғам өкілдерімен кездесіп, азаматтардың қабылдауын өткізеді, сондай-ақ, өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысандарға барады.
Кездесу барысында депутаттар азаматтарға заң шығарушылық қызмет пен «Рухани жаңғыру», «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру барысы туралы хабардар етеді.
Бүгін Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Мәулен Әшімбаев, Ерсұлтан Бектұрғанов, Жанат Жарасов, Гүлжан Қарағұсова, Михайл Черков пен Татьяна Яковлеваның «Тұлпар Тальго» вагон құрылысы зауытының қызметкерлерімен кездесті. Осы күні елордалық кәсіпкерлермен Мәжіліс депутаты, «Ақжол» ҚДП парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев кездесу өткізеді.
Біздің облысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Б.Ізмұқанбетов, А.Тасболатов, А.Ералиев, Қ.Сұлтанов, Г.Шиповских, М.Ерман мен Б.Кесебаева келді.
Олар тек облыс және аудан орталықтарында ғана емес, ауылдарда елдімекендер мен шалғай ауылдарда да кездесу өткізеді.

«Өскен өңір» ақпарат.
04 қаңтар 2018 ж. 1 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930