өндіріске қажетті мамандық ашылды
Елбасы ННазарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Табысты болудың ең іргелі басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қасында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – деген болатын. Білім саласына ерекше басымдылық беріп, жастардың білім-біліктілігін жетілдіру үшін барлық жағдай жасауда.
Білімнің тәжірибелік бөлігі басты назарда болғандықтан, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі өз кәсібін еркін меңгерген тиімді жұмысқа қабілетті, үнемі кәсіби өсуге ұмтылатын, ұтқырлыққа дайын білікті мамандарды даярлауда көпке үлгі. Осы ретте, «Тұтқыр және сусымалы материалдарды химиялық өндіретін машиналар мен жабдықтарды пайдалану» мамандығы бойынша жинақталған оқу тобының ашылуына орай, салтанатты шара өтті. Бұл колледж бен «Гежуба Шиелі цементі» компаниясы ЖШС бірлесе дайындалған цемент өндірісіне қажетті жұмысшы мамандықтарды дайындау бағытында жинақталған оқу курсы болатын. Оқу орын барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуде. Аудан көлемінде орналасқан өндіріс орындарынан сұранысқа ие 10 түрлі мамандықтар бойынша маман дайындап, қоғам сұранысын өтеп келеді. Техникалық және кәсіптік білім беруде оқу орындары мен әлеуметтік серіктестіктердің байланысының жақсарғандығын осы секілді игі бастамалардан аңғару қиын емес.
Қазіргі таңда егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай, бүгінде оқу орындарының алдында тұрған басты міндет – бәсекеге қабілетті сапалы маман дайындау. Жаңадан ашылған оқу тобының табысты іске асырылуы ең алдымен, білімнің сапасымен анықталатыны белгілі.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.