Қызығушылық қалыптастыратын қадам
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында мемлекет пен ұлттың үнемі дамып, заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керектігін атап көрсеткен еді. Қай ұлттың да заманға сай жаңғыруы, өркениет көшіне ілесе білуі білім деңгейіне, көзі ашық, көкірегі ояулығына байланысты болмақ. Елбасы өз мақаласында: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», — деді.
Рухани жаңғыруды жүзеге асыру мақсатындағы таяу жылдардағы міндеттер қатарына қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты қазақ тіліне аудару, сөйтіп, жастардың сол оқулықтар негізінде білім алуына мүмкіндік жасау ісі енген еді. Жоба – әсіресе, жастарға тың серпін беретін басым бағыттардың бірі. Сондықтан, әлемнің озық деген оқулықтарын аудару арқылы біз білім, ғылым саласындағы озық ойды жастардың санасына құйып, алдыңғы қатарлы мемлекеттермен тең ұлтты қалыптастырамыз.
12 сәуір күні осы міндетті іске асыру барысында аударылып, басып шығарылған алғашқы 18 оқулықтың таныстырылымы өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысып, сөз сөйледі.
Жаһандық бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар. Оқулықтар кітап түрінде ғана емес, сондай-ақ, электронды форматта да жарыққа шықпақ. Бәрі де әлемнің ең озық оқу орындарында оқытылып жүрген, бұған дейін бірнеше тілге аударылған туындылар. Бұл жастардың білімге деген құлшынысын, қызығушылығын ерекше арттырары сөзсіз. Жастарымыз әлемдік ғылым-білімнің, ақыл-ойдың жауһарларымен сусындар болса, туған еліміздің болашағына сеніммен қарауға әбден болады. Бұл – жарқын болашақ жолындағы аса маңызды қадам.
Жалпы, 2018 жылға отыз кітап басып шығару жоспарланған екен. Сәтті басталған игі істің жалғасын табарына сенеміз.
Динара Алшынбаева,
№48 Ә.Қоңыратбаев мектеп-лицейінің мұғалімі.