Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесу өтті

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесу өтті

 «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында "Тең қоғам" орталығында "ПМПК" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ерекше қажеттіліктері бар балалармен мазмұнды әрі жылы жүзді кездесу ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – балалардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және әлеуметтік ортаға кірігуіне ықпал ету.

Кездесу барысында балаларға арналған ойын-сауық және танымдық бағдарламалар ұйымдастырылып, психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған әңгімелер өткізілді. Сонымен қатар ата-аналармен және мамандармен тәжірибе алмасу жүргізіліп, ерекше балаларды қолдау тетіктері талқыланды.

Шара соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жүйелі түрде жалғастыру жоспарланып отырғаны айтылды.

#AMANAT
#КедергісізКелешек
03 ақпан 2026 ж. 72 0