Еті де сүйегі де менікі
Кешегі күннің көзін көрген ата-апаларымыздан жиі еститініміз «баяғыда молданың алдына апарып: «Тақсыр, мына жүгірмектің еті – сенікі, сүйегі – менікі. Әйтеуір адам қылып шығарсаң болғаны» деуші еді» - деген сөздері болатын. Сондай-ақ, кеңес дәуірінің әдеби шығармаларынан осы ыңғайдағы мысалдарды өте көп кезіктіресің. Оқыған сайын – көк шыбықты суға салып ісінтіп қойып, бейшара шәкіртінің жон арқасын тілім-тілім етіп аяусыз сабайтын, «аюға таяқпен намаз үйреткен» қатыгез молданы жек көріп, осындай тәрбиешінің қорлығына бауыр еті – перзентін қиып берген аталарымызды да іштей кінәлап алатынбыз. Бүгін байыптап қарасақ, ол түсінігіміз қате қалыптасқан сыңайлы. Сөзін далаға жіберіп, босқа шығындамайтын аталарымыз әлгі әңгімеге зор мағына сыйғызып, үлкен аманат жүктеп айтқандығын енді біліп отырмыз.
Осы орайда бір мысал келтіре кетсек: «Ертеде бір патша баласын медресеге беріпті. Баласы ұстазды тыңдамай, еркелікке басады. Патшаның баласы болғандықтан ұстаз да балаға қатты сөйлеуге қаймығып, шарасыз халге түсіпті. Бірақ, шәкірт аманат болғандықтан, ұстаз шыдамы таусылып, патшаға барып, жағдайды жеткізеді. Патша әрі ойланып, бері ойланып, бір шешімін тауып, ұстазға ойын айтады. Ұстаз алғашында бұл шешімге шошып кетсе де, патшаның дегеніне көнеді. Келесі күні дәріс үстінде бала тағы да еркелігіне басып, ұстазды тыңдамай келемеж қылады. Дәл сол сәтте есік қағылып, патша есіктен басын сұғып ішке қарайды. Алдын-ала келіскендей ұстаз патшаға дүрсе қойып, айғайға басады: Шық кәнеки, көрмеймісің, дәріс өтіп жатыр, – деп. Патша болса мүләйімсіп, кешірім сұрап, шығып кетеді. Мұндайды көрген патша баласының аузы ашылып, көзі бақырайып кетеді. Сол күннен бастап ұстаздың айтқанын екі етпей, үлгілі шәкірт болыпты. Осылайша баласының тәрбиесін, ұстаздың абыройын өзінің патшалығынан да маңыздырақ, жоғары санайтын патша дегеніне жетіпті».
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» – деген болатын. Алайда, білімді беретін, ұрпақ санасына құятын ұстаздың ұлағатты атын ұлықтай алмай жүрміз. Шыбықты ұстаздың қолына ұстатудың орнына балаға беріп қоямыз. Ал, бүгін атақ-дәрежесі асқақтап тұрған ата-анасы бар баланың тәрбиесіне кім назар салып жүр. Атаққа арқа сүйеген баланың етін ұстазға аманаттамақ түгілі, «еті де, сүйегі де менікі» дейтіндер басым болып барады. Тіпті, сол мансапқа жеткен жандардың бәрі ұстаз көріп, сол білімнің күшімен жеткендігін де ескере бермейді. Ұстаз абыройынан, баланың еркелігін артық санап, болашағына балта шауып жүрген жоқпыз ба? Ойланайық.
Г.Әбдіханиқызы.