Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Не істеймін?

Не істеймін?

Амал дәптерім амалсыз сыр ақтарғанда,
Мәңкір мен Нүңкір қапаста сұраққа алғанда,
Көріп те көрмей жасаған күнәларыма
Ата-ана, бауыр, жұбайым құлақтанғанда,
Не істеймін?

Сынақ өмірге қонақ қып сынаған Алла
Күнә жасамау мүмкін бе мына ғаламда?
Қарыстан ұзын кимеген қарындастарға
Қарап едің деп қос көзім кінәлағанда
Не істеймін?

Тар қабір қысып қинаса тайқып көр пенде,
Бұлай болмас деп өкініп қайта келгенде,
Әке-шешеден талайды қайырып ең деп
Аузым барлық күнәмды айтып бергенде
Не істеймін?

Кеудеден мына жан кетіп жайрағанымда,
Алдыма келіп өзгені қайрағаным да,
Намаз оқудың парызын естірттім, бірақ
Бейнамаз жан деп қос құлақ сайрағанын да
Не істеймін?

Көремін бәрін қабірде қанықты еткенде,
Ажал қармаса қалады ғаріп боп пенде.
Осы дүниедегі бермеген қарыздарымды,
Арғы дүниеде сауаптан алып кеткенде.
Не істеймін?

Құр жүрмей енді құраннан хат танып кетсем,
Сұрақ-жауапқа жәй жүрмей баптанып кетсем,
Сәждеге маңдай қоямын деп ниет қып жүріп,
Сәл кідірместен ар жаққа аттанып кетсем.
Не істеймін?
Бекжан Ержігіт
21 қараша 2017 ж. 1 478 0

Соңғы жаңалықтар

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫН ЖҮРГЕН БІЛЕР

08 желтоқсан 2023 ж.
Экономикада өсім бар

Экономикада өсім бар

08 желтоқсан 2023 ж.

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9158)

09 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 1-2

05 желтоқсан 2023 ж.

№96 (9157) 3-4

05 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам