Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Хор қызы

Хор қызы

Дауылсыз түнде жыр оқып келіп дастаннан,
Жабырқап оттым жанарымды алмай жас талдан.
Жан елітетін үніме жібіп хор қызы,
Аз ғана сәтке асығып кепті аспаннан.

Күбірлеп күлді түсіне алмадым сөздерін,
Жанына жеттім, текке тұруға төзбедім.
Тәтті жырымнан табжылмай қалған, кенеттен,
Тік қарамады кірпікпен қымтап көздерін.

Дастанды үзбедім, таң атуына таман шақ,
Көкке ұштың кенет, жанардан жасым тамар сәт.
Сағынамын деп жаңбырды төктің жерге әсем,
Қимай қуып ем, бұлттардың қойдың қамал сап.

Бейнеңді аңсап беймаза еттім сананы,
Бақ берекемнің соқырға айналды жанары.
Күтумен сені талай дастанды тауыстым,
Қамалыңның бір жібімей қойды қабағы.

Кеткеніңді ойлап жегідей жанды жеп тынам,
Көркем көңілді қаптап қалыпты көк тұман.
Ақ жауын жауса астынан шықпай апталап,
Хор қызы мені сағынған екен деп тұрам...
Бекжан Ержігіт
21 қараша 2017 ж. 1 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9084)

21 наурыз 2023 ж.

№22 (9083)

18 наурыз 2023 ж.

№21 (9082) 3-4

14 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам