Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Іздедім

Іздедім

Қараңғылықтың қақпаны,
Қармап алғанда іздедім.
Сағынышымның тəтті əні,
Таңға оранғанда іздедім.

Жапырақтары бағымның,
Дірдектегенде іздедім.
Суретіңдегі жалынның,
Нұр төккенінде іздедім.

Жанымнан жырақ дос қашып,
Жалғыз қалғанда іздедім.
Шаттықпен көңілім қоштасып,
Қарлы ызғарларда іздедім.
Сезімнің жіпсіз торына,
Шырмалғанымда іздедім.
Шеткі көшенің жанына,
Бір барғанымда іздедім.

Лебінен желдің қозғалған,
Сыр ұқтырардай іздедім.
Вагондар келсе вокзалдан,
Күліп тұрардай іздедім.

Санаңда ісім еленсе,
Жеткізші балдай сөзіңді.
Іздеусіз қалам дегенше,
Іздеп табамын өзіңді.
Бекжан Ержігіт
21 қараша 2017 ж. 1 761 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031