Болашақ біліммен баянды
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында сананы жаңғырту, білімнің салтанат құруы туралы сындарлы ойлар айтылып, бәсекеге қабілеттілік, тұлғалық даралық қасиеттер қалыптасуына айрықша маңыз берілді.
Білім – бүгінгінің басты қажеттілігі. Дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген сөз. Өскелең ұрпақты әуелі білімге құштар болуға үндеудің сыры осында.
«Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», – деген Елбасы өзінің мақаласында білім беру саласын жетілдіруге баса назар аударды.
Қазіргі күні жүрісі жылдам дәуірге қадам басып келеміз. Бұл уақытта тек заман талабына икемді, білімді адамдар ғана табысқа жете алады. Осыған байланысты инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыру үшін қажетті білім беру саласындағы қазіргі заманғы басқару нысандарын енгізу, академиялық еркіндікті дамыту міндеті жүктелді. Бұл міндет білім беретін оқу бағдарламаларын дербес бекітуге, үлгерімді ағымдағы бақылауға, аралық және қорытынды аттестаттау жұмыстарына құқық беріп, ал академиялық еркіндік қағидаты орта білім беру жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік жасайды. Инновациялық білім беру ұйымдарының миссиясы мектеп – гимназия, мектеп – лицей қалыптастыру арқылы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі озат тәжірибені тарату, лицей, гимназия сыныптарында жаратылыстану – математикалық және гуманитарлық пәндер бойынша тереңдетілген білім беру, физика, биология, химия, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту. Оқу тәрбие үрдісіне білім берудің заманауи технологияларын және тәрбие берудің жобаларын енгізу, магниттік мектептер арқылы инновациялық мектептердің тәжірибесін тарату болып табылады. Қазіргі таңда аудандағы 7 инновациялық мектеп осы бағытта сәтті қадам жасап келеді. Жаңа үлгідегі физика кабинеті, интербелсенді тақта, компьютерлік қондырғылар, робототехника кабинеттері беріліп, білім сапасын арттыруға жағдай жасалды. 6 аймақ бойынша педагогтардың желілік қауымдастығы құрылып, мұғалімдердің шығармашылық алаңына айналды.
«Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру» бағдарламалары да – қоғам көшінен адамзаттың қалыс қалмауына бастайтын тұғырлы тіреу. «E-learning» электронды оқыту жүйесіне 2015 жылы 9 мектеп ендірілсе, 2017 жылы 20 мектеп жүйеге еніп, жұмыс жасауда. 2016 жылдың қазан айынан бастап «Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасына 10 мектеп қосылған. Қазіргі таңда жүйеге 954 мұғалім, 7135 оқушы, 4765 ата-ана тіркелген.
«BilimLand» білім беру платформасына сәйкес 22 мектеп онлайнға, 19 мектеп оффлайнға қосылып, жұмыс жасауда.
Келешекте бүгінгі күні қажетті құзіреттіліктер мен маңызды саналатын дағдылар өзгереді. Соған сай мамандықтардың да деформациясы жүзеге асып, кейбір мамандықтар жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан, құндылықтар жүйесінде білім аса маңызды шарт. Әсіресе, дүниежүзілік қауымдастыққа еркін ену үшін ағылшын тілін жаппай үйрену қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді.
Мектептерде ағылшын тілін оқып жатқан балалардың латын графикасына көшуі тіптен жеңіл болмақ. Жаңа технологияның, коммуникацияның және ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты латын графикасына көшу – заман талабы.
Туған жерге тағзым ету – сезімталдықтың, адалдықтың көрінісі іспеттес. Әрбір адам өзінің тарихи тұғырын, халық даналығымен ұштасқан тәлімді тәрбиені, мәуелі мәдениет пен пайымды парасат дәнінен нәр алған қасиетті мекенді пір тұтады. Сол арқылы патриоттық сезім қалыптасып, отбасылық құндылықтар дәріптеледі. Мұның өзі санаға сілкініс алып келіп, еліміздің тұғыры мен мәртебесінің, тәуелсіздігіміздің баяндылығын паш етеді.
Болат Сейілханов,
аудандық білім бөлімінің басшысы.