Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ МАМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлері күні – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби мерекесі. Осы айтулы күн қарсаңында сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
«Санитарлық қауіпсіздік – салауатты ұлт кепілі» тақырыбында кездесу өтіп, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлзада Айтекеева әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жауапты қызметіне ерекше тоқталды.
–Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет – адам денсаулығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызы зор салалардың бірі. Күнделікті атқаратын жұмысымыз үлкен жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті және тиянақтылықты талап етеді. Халық арасында түрлі аурулардың алдын алу, санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін факторларды дер кезінде анықтау – біздің басты міндетіміз. Осы бағытта аянбай еңбек етіп жүрген барша мамандарға алғысымды білдіремін, – деді Гүлзада Айтекеева.
Басқарма қызметкерлері санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындардың денсаулығын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Сала мамандары профилактикалық шараларды ұйымдастырумен қатар, санитариялық талаптардың орындалуын қадағалап, халық арасында санитариялық мәдениетті қалыптастыруға да өз үлестерін қосып келеді.
Шара барысында еңбегімен ерекшеленген бірқатар қызметкерлерге «Әділет» партиясы Шиелі аудандық филиалының Алғыс хаттары табысталды. Бұл – сала мамандарының кәсіби еңбегіне берілген лайықты баға әрі олардың жауапты қызметіне көрсетілген құрметтің белгісі.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының еңбегі көп жағдайда көзге көріне бермегенімен, оның қоғам денсаулығы үшін маңызы айрықша. Сондықтан халықтың амандығы мен санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – олардың қажырлы еңбегін бағалайтын маңызды күн.
Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жауапты қызметтеріне толағай табыс тілейміз!
17 қыркүйек 2026 ж. 37 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930