ШИЕЛІ АУДАНЫ БОЙЫНША АУЫЗ СУДЫҢ САПАСЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН МОНИТОРИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Ауыз судың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы адам денсаулығына маңызды, судың санитарлық-эпидемиологиялық сапасының төмендеуі адам денсаулығына әсер етіп, түрлі жұқпалы аурулардың таралуына әкелуі мүмкін.
Тұрғындарды сумен қамтамасыз етудің негізгі шарты - ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігі, яғни микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша санитариялық талаптарға сәйкестігі болып табылады. Ауыз су сапасын бақылау мониторинг жүргізу мен өндірістік бақылау үшін зертханалық зерттеу арқылы және сумен жабдықтау объектілерін жоспарлы тексерулер жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Шиелі аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының бақылауында 31 сумен жабдықтау объектілері бар, оның ішінде орталықтандырылған 27, орталықтандырылмаған 4 сумен жабдықтау объектілері. Бүгінгі күні Шиелі ауданы халқының орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 98,0%, орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерін халықтың 2% пайдаланады.
Ауыз су эпидемиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс. Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен мониторинг шеңберінде 2023 жылдың 12 айында сумен жабдықтау нысандарынан санитариялық-химиялық көрсеткішке 228 сынама алынып, 9 (3.9%) сәйкессіздік анықталса, микробиологиялық зерттеуге 281 сынама алынып, сәйкессіздік анықталған жоқ. Санитариялық - химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік құрғақ қалдық, хлоридтер нормадан жоғары анықталды. Анықталған сәйкессіздер бойынша жергілікті атқарушы органдарға ақпарат жіберілді. 2023 жылдың 12 айында аудан көлемінде су арқылы берілетін жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысы
Гүлзада Айтекеева Садықбекқызы