Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандағы ауыз судың сапасы

Аудандағы ауыз судың сапасы

Су- топыраққа нәр, ауаға ылғал беретін жаратылыс әлеміне жан бітіретін тіршіліктің өзегі. Халқымыз «Таза су- тірі қан, тамшы су- түйір нан» дейді. Адам күніне 2-3л суды пайдаланатын болса, күннің ыстығында 2 есе көп ішеді. Егер адамзат тағамсыз 40 күн өмір сүрсе, сусыз 7-8 күн ғана өмір сүре алады екен. Су ағзадағы бүкіл тіршілік әрекетін реттеп отырады. Ол газ тәрізді, сұйық және қатты заттарды ерітуші болып табылады, сондай-ақ зат алмасу, ас қорыту жүйелерінің жұмысына қатысады.Сапалы ауыз су мөлдір, иіссіз және жағымды дәмді болуы керек. Сапасыз судың салдарынан адамдар холера, гепатит, дизентерия т.б жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Шиелі ауданында ауыз су жер асты су көздерінен алынады. Жер асты су көздерінен жер үсті су көздерінен айырмашылығы сырттан судың ластануына жол берілмейді, әрі құрамы мен температурасы бірқалыпты болады. Шиелі халқы үшін ауыз судың маңызы өте зор. Ауыз судың сапасын қадағалап адам организміне зиянын болдырмау мақсатында Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы нормативтік құжаттарды басшылыққа алып, жұмыс жасауда. Аудан көлемінде 2022жылдың 3 айында орталықтандырылған ауыз су нысандарынан микробиологиялық көрсеткіштерге барлығы 120 сынама алынып,барлығы санитариялық талаптарға сәйкес келеді. Орталықтандырылған ауыз су нысандарынан химиялық көрсеткіштерге 57 сынама алынып, оның 3-і сәйкес келмеді. Осы сәйкессіздікке байланысты Шиелі кенті мен елді мекендердегі су құбырына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Аудан көлемінде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында келесі іс-шаралардың орындалуы қажет.
Ауру астан дейді дана халқымыз, ал астың бәрі судан нәр алатындығын ұмытпайық ағайын!

Шиелі аудандық СЭБ басқармасының бас маманы Т.Шохаев
22 сәуір 2022 ж. 691 0