2023 жылы Шымкент 100% ауыз сумен қамтылады
Биыл «Көмешбұлақ» магистралі іске қосылады. Нәтижесінде су жүйелері болмаған елді мекендердегі 60 мың тұрғынға ауыз су жеткізіледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды Оtyrar.kz. Жалпы, 250 мың халық тұтынатын ауыз су жүйелерінің сапасы артады дейді мамандар. Қазір қаладағы 81 елді мекеннің 69-ы су құбырларымен қамтылған. Ал 5 елді мекенге ауыз су кестемен беріледі, 7 елді мекеннің тұрғындары ауыз суды тасымалдап ішеді екен. Жыл соңына дейін 3 магистралді, 11 ішкі орамдық су жүйелерінің құрылыстары аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде су тасымалына тәуелді және ауыз суы кестемен берілетін 9 елді мекен ауыз суға қол жеткізеді. Жауаптылар 2023 жылы Шымкент қаласында ауыз су мәселесі толықтай шешіледі сендіріп отыр.
https://24.kz
https://24.kz