Ауыз су мәселесі шешімін табуда
Жер шарының төрттен үш бөлігі тіршілік көзіне теңелген судан тұрады. Әлемде жеті миллиярд халық бар десек, оның бір миллиарды таза ауыз суға қол жеткізе алмай жүр екен. Осы санның қатарына кірмес үшін еліміз аудандық, ауылдық жерлерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеуде.
Өңірді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында елді мекендерді сумен қамту бойынша аудандағы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі ағымдағы жылы 5 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде. Республикалық бюджет есебінен Тартоғай және Сұлутөбе елді мекендеріне ауыз су тартылып жатыр.
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай және Сұлутөбе елді мекендерінің сумен қамту жүйелерінің және бас су қоймасының құрылысы жұмысына республикалық бюджеттен әрқайсысына 300 млн. теңгеден, облыстық бюджеттен 8 млн. 333 мың теңгеден қаржы қаралып, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының ұйымдастыруымен жүргізілген конкурстың нәтижесінде «Бақ-Береке 2030» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Аталып отырған екі елді мекенде де құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Нысандар келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Облыстық және аудандық бюджеттен үш жоба бойынша қаржы қаралды. Оның біріншісі – Бірлестік елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің құрылысы. Оның жұмысына аудандық бюджеттен 51 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесімен бас мердігер «Сәт-Сервис» ЖШС-мен 46 млн. 124 мың теңгеге келісімшарт жасалды. Екіншісі – Ботабай елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің құрылысы. Оған облыстық бюджеттен 66 млн. 885 мың теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесімен бас мердігер «Сәт-Сервис» ЖШС-мен 59 млн. 277 мың теңгелік келісімшартқа қол қойылып отыр. Ал келесі 1 Май елді мекенінің сумен қамту жүйелерінің құрылысы жұмысына облыстық бюджеттен 92 млн. 128 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесімен «РЗА» АҚ-мен 81 млн. 672 мың теңгеге келісімшарт жасалып отыр. «Барлық нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып кетті. Бұл нысандар биыл бітеді деп жоспарлануда», – дейді бізге берген мәліметінде аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бағлан Әбдрахман.
Назерке
СЕРӘЛІҚЫЗЫ